Өскеменде төбелескен қыздарға қатысты іс қозғалды
Ашық дереккөздерден алынған сурет
Кешеден бері әлеуметтік желіде жас қыздардың төбелескен видеосы тарап жатыр. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Өскемендегі сауда орталықтарының біріндегі әжетханада болған.
Оқиғаға қатысты ШҚО ПД мен Өскемен қалалық білім бөлімі пікір білдірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Видеодан белгісіз қыз бала екінші қызды аяусыз ұрып жатқанын көруге болады. Сондай-ақ, белгілі болғандай, қыздар кәмелет жасқа толмаған.
Қыздардың жеке басы анықталып, қылмыстық іс қозғалды. Қазір кәмелетке толмаған қыздармен психолог маман жұмыс істеп жатыр, - деп атап өтті Өскемен қалалық білім бөлімі.