KZ
Өскемен
-23°
туман жел 1 м/с, С
503.35 590.63 6.62

Өскемен: Жол жөндеу жұмыстары күн жылынғанда басталады

5.04.2023, 11:02 431 Ләззат Қанатқызы

Өскемендіктер «100 күнде 10 мың шұңқыр» челленджіне белсене қатысуда.

Челлендж басталған алғашқы аптада телеграм-ботқа 621 хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада “Кептеліссіз қала” бағдарламасы аясында @oskemen_bot телеграм-арнасы іске қосылған болатын. Қала тұрғындары көшедегі шұңқырларды суретке түсіріп, осы аталған арнаға жібере алады.

Қалада жол жөндеу жұмыстары күн жылынысымен басталады. Шұңқырларды жөндеу бойынша өтінімдерді бірден 6 мердігер орындайтын болады, дейді "Таза Өскемен" КМК директоры Асхат Таженов.

Қазіргі күні қалада 35 шұңқыр жамалған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу