KZ
Өскемен
-13°
плотный туман жел 1 м/с, СШ
498.55 524.28 4.75

Өскеменде үйлердің қасбетін жөндеу жұмыстары басталды

5.04.2023, 23:18 403 Ләззат Қанатқызы

Өскеменде үш жыл ішінде жүзге жуық көпқабатты үйдің қасбетін жөндеу жоспарлануда.

Биыл қаланың орталығындағы 21 үйдің қасбеті жөнделеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

2023 жылы Н.Назарбаев даңғылындағы көпқабатты үйлер – Б.Александров атындағы спорт сарайынан Ушанов алаңына дейін, сондай-ақ Стахановская мен Металлургтер көшелерінің арасындағы учаскедегі алты үй жаңартылады.

Қазір жергілікті 2 мердігер компания жұмысқа кірісіп кеткен. Жөндеу жұмыстары 30 маусымға дейін аяқталуы керек. Жұмыстарды МИБ және ЖС мен тұрғындар өздері бақылай алады.

 – Егер жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталса, көпқабатты үйлердің сыртын жөндеуді жалғастыра береміз. Сонымен қатар көппәтерлі үйлерді жаңарту бойынша үшжылдық жоспарды пысықтап жатырмыз, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу