Өскеменде 21 үйдің қасбеті жөнделеді
Облыс орталығының орталық көшелеріндегі ғимараттардың қасбетін ретке келтіру жұмыстары 2020 жылы басталған еді. Сол кезде «ДКМ» ауданында Назарбаев даңғылының бойындағы бірнеше үй жөндеуден өтті.
Қала әкімі биыл осы жұмыс жалғасатынын айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Назарбаев даңғылындағы 21 үйдің қасбетін жөндеу жоспарланып отыр. Оның ішінде Үлбі көпірінен Ушанов даңғылына дейінгі учаскедегі бірінші қатардағы барлық үйлер, сондай-ақ Стаханов және Метталлургтер көшелерінің арасындағы учаскедегі бұрын жөндеуден өтпеген бес үй бар», - деп жазды қала әкімі Жақсылық Омар.
Үлбі көпірінен Ушанов алаңына дейінгі учаскедегі үйлер:
Назарбаев даңғылы, 3
Назарбаев даңғылы, 5
Назарбаев даңғылы, 7
Назарбаев даңғылы, 9
Назарбаев даңғылы, 11
Назарбаев даңғылы, 2
Назарбаев даңғылы, 6
Назарбаев даңғылы, 8
Назарбаев даңғылы, 10
Назарбаев даңғылы, 12
Назарбаев даңғылы, 14
Назарбаев даңғылы, 18
Назарбаев даңғылы, 20
Потанин көшесі, 13
Потанин көшесі, 17
Металлургтер мәдениет сарайы ауданындағы үйлер:
Назарбаев даңғылы, 51
Назарбаев даңғылы, 62
Назарбаев даңғылы, 64
Назарбаев даңғылы, 70
Назарбаев даңғылы, 72
Назарбаев даңғылы, 74