KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Өскеменде кәсіпорындар арасында конкурс жарияланды

12.04.2023, 15:44 218 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде кәсіпорындар мен ұйымдарға арналған «Парыз 2023» конкурсы жарияланды.

 Өскемен  әкімдігі қала кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «ПАРЫЗ» республикалық конкурсына қатысуға шақырады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Конкурс ҚР Тұңғыш Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес өткізіледі.

Байқауда екі санат бойынша лауреат атағы беріледі: шағын, орта кәсіпкерлік субъектісі, ірі кәсіпкерлік субъектісі. Сондай-ақ 5 номинация қарастырылған:

- «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»;

- «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»;

- «Үздік ұжымдық шарт»;

- «Экологияға қосқан үлесі үшін»;

- «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы».

 Байқауға қатысу өтінімдері 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қабылданады. Мекенжайы: Өскемен қ., Шәкәрім даңғылы, 149/10, 24 бөлім.  Анықтама телефоны: 70-01-71. Эл.пошта: 551346rt@mail.ru.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив