KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 6 м/с, С
479.71 533.77 5.16

ПИК тек биылғы бірінші шілдеге дейін ғана...

Фото: шартты сурет

22.04.2023, 15:18 242

2023 жылғы 1 шілдеден бастап ПИК пен ПКСК заң бойынша өз қызметін тоқтатады.

Оның орнына меншік иелерін басқарудың жаңа түрін таңдау керек деп хабарлайды, Altaynews тілшісі.

Мұндай формалар төмендегідей болуы мүмкін:

* мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ);

* көппәтерлі тұрғын үйдің қарапайым серіктестігі (ЖС);

Жаңа форманың бұрынғы ПИК-тен айырмашылығы бар ма?

МИБ-тің ПИК-тен басты айырмашылығы. схема – бір үй, бір бірлестік, бір шот.

  "Әрбір үйді басқарудың жеке тәсілін көздейтін, сондай-ақ тұрғындарға ақша түсімдері мен олардың жұмсалуын бақылау мүмкіндігімен тек өз үйін ұстауға қаражат жинауға мүмкіндік беретін қағида. Шын мәнінде, әр үйде төраға және тексеру комиссиясы сайланады. Түбегейлі айырмашылық – МИБ (ОСИ) төрағасы дәл осы үйдің тұрғыны болуы керек. ПИК-те бұл процесс бір төрағаның басқаруындағы көптеген үйлердің бірігуімен болып келді", деп түсіндіреді жергілікті әкімдіктегілер.

Көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары мен меншік иелерінің ПИК және ПИК өкілдерімен арасында туындаған дау бойынша жинақталған оқиғаларды талдау басқару нысанын ауыстырудың шұғыл қажеттілігін көрсетіп берген болатын.

МИБ пен ПТ арасындағы негізгі айырмашылыққа келетін болсақ, бұл МИБ (ОСИ) – заңды тұлға, ал ПТ – заңды тұлға құрмаған серіктестік.

МИБ құру алгоритмі қарапайым және үш негізгі қадамнан тұрады: кемінде 50 пайыз кворумы бар тұрғындар жиналысын ұйымдастыру, төрағаны, үй кеңесін және тексеру комиссиясын сайлау (жиналыс хаттамасын жүргізу және қол қою қажет), құжаттарды ХҚКО-ға тапсыру.

МИБ-тің мемлекеттік тіркеуі 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив