KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 1 м/с, ОБ
505.53 593.44 6.34

Өскеменде тағы 10 жаңа автобус желіге шығады

24.04.2023, 09:45 369 Ләззат Қанатқызы

21 сәуір күні облыс орталығында "Voska" ЖШС "Daewoo" маркалы 10 жаңа автобусты таныстырды.

Желіге әлі шыға қоймаған қоғамдық көліктер №№ 39, 53, 67 және 351 бағыттарға қызмет көрсетпек, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оларды сәуірдің аяғы мен мамырдың басында желіге шығару жоспарланып отыр.

Айта кетейік, "Voska" ЖШС басшылығы жақын арада маршруттардағы автобустардың санын көбейтуді жоспарлап отырған жоқ. Ал жаңа автобустар болса қазір қолданыстағы ескілерін алмастыратын болады.

  Қазіргі таңда аталған компания өте қарқынды жұмыс істеп жатыр. Тасымалдаушылардың бағыттары бойынша қазір ешқандай мәселе жоқ. Сол үшін де оларға құрмет көрсетіп, алғыс айтуымыз керек,  – деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Естеріңізге сала кетейік, облыс орталығында жылжымалы құрамды жаңарту бағдарламасы жұмыс істеп жатыр. Оның аясында 2021-2022 жылдары қала тасымалдаушылары 71 автобус сатып алған. Қоғамдық көліктерді жаңарту биыл да жалғасуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу