Татулық үстемдік құрған жерге нәтижелі істер үйір болады – Надежда Шушаникова
ШҚО тұрғындары 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін атап өтуде. Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде мерекелік концерттер мен түрлі шаралар жоспарланған.
Осы орайда Шығыс өңірінің жұртшылығына ұстаз, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Надежда Шушаникова лебіз білдірді.
– Құрметті өскемендіктер! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! "Бірлік бар жерде тірлік бар" дейді біздің дана халқымыз. Ауызбіршілік пен татулық, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерге нәтижелі істер үйір болады. Қазақстан деген үлкен шаңырақтың астында қаншама ұлт өкілдері бір ананың баласындай бірлікте, татулықта, ынтымақтастықта тұрып жатыр. Осы достықтың арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Бірлік мерекесі – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісімнің мерекесі. Бірлігіміз күннен-күнге нығая берсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, көк туымыз желбірей берсін!
Оқи отырыңыз