KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 3 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

Өскеменде «Музей түні» болады

4.05.2023, 14:30 401 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығының 55 жылдығына орай «Музей түні» акциясы ұйымдастырылады.

Іс-шаралар легі Қасым Қайсенов саябағының орталық алаңында сағат 18.00-де басталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Саябақта қаланың танымал өнер ұжымдары концерт қояды. Ал Қайсенов, Бейбітшілік және Горький көшелерінде орналасқан музейлерде түрлі экскурсия, шығармашылық шеберлік сабақтары, қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі және ұлттық ойындар ұйымдастырылады.

Сол жағалау кешеніндегі этноауылда ұлттық тағамдар жәрмеңкесі болады.

Іс-шаралар сағат 22.00-де аяқталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив