Сол жағалау кешенінде мерекелік шара өтеді – Өскемен
Фото: Ашық дереккөзден алынған
1 мамыр күні Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Сол жағалау кешенінде мерекелік шара ұйымдастырылады.
Осы күні «Металлург», «Самал», «Жамбыл» саябақтары мен этнопарк қызмет көрсете бастайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Биыл қала халқы мерекені Сол жағалау кешенінде тойлай алады. Сағат 11.00-де Сол жағалау кешенінде қаланың өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары мерекелік концерт қояды. Бұл күні тұрғындар әртүрлі ойындар бойынша спорттық жарыстарға қатысып, қолөнер бұйымдары көрмесін тамашалап, ондағы заттарды сатып ала алады. Сонымен қатар мерекелік сауда және өзге де шаралар қарастырылған.