Өскемен: Гагарин бульварына неліктен гүл отырғызылмады?
Фото: egemen.kz
Көктемде Гагарин бульварындағы гүлзарлардың топырағы толықтай ауыстырылып, суару жүйесі жаңартылған.
Десе де, қала тұрғындары қазіргі күнге дейін гүл отырғызылмағандықтан орнын арамшөп басып тұрғанын айтып шағымдануда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Коммуналдық қызметкерлер Гагарин бульварына неліктен әлі күнге дейін гүл отырғызылмағандығын түсіндірді. Олардың айтуынша, алдыңғы аптада аптап ыстыққа байланысты жұмыстары кейінге шегеріліпті.
Қазір 18 орынға толықтай гүл отырғызылып, 3 жерде жұмыс жүріп жатыр. Қатты ыстықта гүлдер өліп қалуы мүмкін болғандықтан өткен аптада кейінге шегерілді. Жалпы, қалада көгалдандыру жұмыстары 16 мамырда басталған болатын. Қазір кестеге сәйкес жүргізілуде. Ауа райы қалыпты болса, Карбышев көшесі мен Гагарин бульварында абаттандыру шамамен 10 күннен кейін басталады, деп түсіндірді «Таза Өскемен» кәсіпорны.
Айта кету керек, биыл барлығы 22 мың шаршы метр гүлзар отырғызылады.
Оқи отырыңыз