KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, В
489.36 533.45 4.99

Өскемендегі субұрқақтарды жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Фото: konst-ranet.livejournal.com

7.06.2023, 21:32 468 Ләззат Қанатқызы

Көктемде Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қаладағы субұрқақтар толықтай іске қосылатынын мәлімдеген болатын.

Оның ішінде 4 фонтанға жөндеу жұмыстарын жүргізу керек болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Атап айтқанда, Гагарин бульварындағы, "Халифа Алтай" мешітінің алдындағы, "Өскемен" қонақ үйі мен әуежай маңындағы субұрқақтар жөнделуі керек еді. Қала тұрғындары бүгінгі күнге дейін фонтандардың жұмыс істемей тұрғанын айтып шағымдануда.

  "Әуежай маңындағы субұрқақты жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал "Халифа Алтай" мешіті және "Өскемен" қонақ үйінің жанындағы фонтанды жөндеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Гагарин бульварындағы субұрқақты жөндеу үшін қажетті материалдарды күтіп отырмыз, сондықтан жұмыстар уақытша тоқтап қалды",  дейді қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

Жалпы, фонтандарды жөндеу жұмыстарына 26 миллион теңгеден астам қаржы қарастырылған. Жұмыстар жоспар бойынша 30 маусымда аяқталуы керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив