Өскеменде ҰҚК қылмыстық топтар қақтығысының алдын алды
Фото: egemen.kz
15 маусымда Өскемен қаласында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері полициямен бірлесіп бәсекелес екі қылмыстық топтың қарулы қақтығысының алдын алды.
Дерекке сүйенсек, ұсталғандардың кейбірінен қару табылған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, арнайы операция барысында қаладағы дәмханалардың бірінің жанында қылмыстық топтардың арасында өзара есеп айырысу әрекетіне қатысқалы келген 20 адам ұсталды. Олардың кейбірінен қару табылды.
Күдікті адамдардан 2 «Макаров» тапаншасы, травматикалық тапанша, тегіс ұңғылы шолақ мылтық, жарық-дыбысты граната, 2 суық қару тәркіленді.