Әлеуметтік көмір сатып алуға өтінім қабылданып жатыр – Өскемен
Фото: Өскемен қаласының әкімдігінің парақшасынан алынды
Қазіргі уақытта Өскеменде әлеуметтік көмір сатып алуға өтінім қабылдау жүріп жатыр.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 5 мыңнан астам отбасы отынды нарықтағы құнынан 500 теңге төмен бағаға сатып ала алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Дерекке сүйенсек, қазіргі уақытта нарықта көмірдің 1 тоннасы 14 000 теңгеге сатылып жатқан көрінеді.
Қала бойынша жеткізуді ұйымдастыру үшін ардагерлердің қоғамдық бірлестігі жеңілдетілген бағаға 25 автокөлік ұсынған.
Әлеуметтік көмір сатып алғысы келетіндер жеткізу кестесіне тіркелу үшін Аумақтық басқару орталығының жергілікті филиалдарына өтінім бере алады.