KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Үйінен кетіп қалған жасөспірімді полицейлер отбасына қайтарды – Өскемен

Фото: egemen.kz

24.07.2023, 17:32 237

23 шілдеде Өскемен қаласының ПБ ЖБО-ның "102" каналына түнгі сағат он шамасында кәмелетке толмаған қызын іздеуге көмек көрсетуді сұраған әйел хабарласқан.

12 жасар жасөспірім күнделікті шығындарына деп берген ақшаны жоғалтқаны үшін арада болған жанжалдан кейін үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған көрінеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өз бетімен іздеуден еш нәтиже шықпағаннан кейін әйел полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Полиция қызметкерлері хабарлама түскеннен кейін дереу жасөспірімді іздеуге кіріскен. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы көшелер мен аулаларды мұқият аралап, өтіп бара жатқан адамдардан сұрастырған.

2 сағаттан кейін жасөспірім Өскемен қаласындағы Нефтебаза ауданынан табылды. Мамандар баланы ата-анасына тапсырған.

Өскемен қаласының ПБ азаматтарға кәмелетке толмаған балаларына мұқият болуды, бала немесе өзге адамдар жоғалып кеткен жағдайда өз бетінше іздеуге уақыт жоғалтпай, дереу «102» телефоны бойынша полицияға хабарласуды ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив