Өскеменде жолғалған кәмілетке толмаған бала табылды
Өскемен қалалық ПБ-ның “102” арнасына қала тұрғынынан кәмелетке толмаған 9 жасар немересін табуға көмектесу туралы өтініш келіп түсті.
- Жеке құрам кәмелетке толмаған қызды іздестіруге дереу бағдар алып, бір сағат ішінде аман-есен тауып, туыстарына табыстады, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Өскемен қаласының тәртіп сақшылары азаматтарға өз балаларына мұқият болу қажеттігін және бала жоғалған немесе жақын туыстары жоғалған жағдайда, өз бетінше іздеуге уақыт жоғалтпай, дереу полицияға 102 телефоны бойынша хабарласуды ескертеді.
Оқи отырыңыз