KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 7 м/с, Ю
493.85 519.04 4.97

Өскеменде бала ертіп қайыр тілеген әйел жауапқа тартылды

Фото: egemen.kz

3.08.2023, 11:18 407

Өскемен қаласында бала көтеріп қайыр тілеп отырған әйел екі бап бойынша жауапқа тартылды.

Әлеуметтік желіде қаладағы жаяу жүргіншілерге арналған жолүсті өткелінде қаршадай баламен қайыр тілеп отырған әйел туралы видео тарады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Желі қолданушыларының көбісі баланың денсаулығына алаңдап, сол әйелдің оған кім болып келетінін анықтау керектігін жазып жатты.

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта әйел адам табылып, аталған факті бойынша тексеріс жүргізілген.

  "Бұл бала әйелдің немересі екені анықталды. Қайыр тілеумен айналысқан ол екі бап бойынша, атап айтқанда ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен (қоғамдық орындарда тиісу), 492-бабымен (Қазақстанда тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз тұру) жауапқа тартылды", – делінген ақпаратта.

Бірінші бап бойынша 17 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелсе, екінші бұзушылық үшін оған ескерту берілген.

Ал бала денсаулығын тексеру үшін сараптамаға жіберілмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу