KZ
Өскемен
-1°
туман жел 1 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да WhatsApp арқылы бейнежазба жіберген ер адам жауапқа тартылды

11.11.2019, 06:07 222

ШҚО-да WhatsApp мессенджері арқылы бейнежазба жіберген ер адам жауапқа тартылатын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аягөз ауданының 37 жастағы тұрғыны WhatsApp арқылы Өскеменде тұратын 49 жастағы әйел адамға әдепсіз видео жіберіп жүрген екен.  Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері видео жіберген ер адамды анықтап, оған Қылмыстық кодекстің 311-бабы бойынша (Порнографиялық материалдарды заңсыз тарату) іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл қылығы үшін ер адамға 5 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынуы, түзету жұмыстарына тартылуы немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу не бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу