KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Су айдынында мас күйде жүргендер жауапқа тартылды – ШҚО

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

21.06.2023, 21:11 164 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да су айдындарының жағасында мас күйде жүрген 11 адам жауапқа тартылды.

Қазіргі уақытта құтқарушылар мен тәртіп сақшылары су айдындарындағы бақылауды күшейтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кету керек, өткен жылы өңірде шомылу маусымы кезінде 7 адам суға кеткен. Қайғылы жағдайдың барлығы шомылуға рұқсат етілмеген учаскелерде болған.

  Құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен еріктілер су айдындарындағы қайғылы жағдайлардың алдын ау мақсатында бақылауды күшейтті. Өткен аптада 250-ден астам рейд жүргізіліп, нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабымен (Жалпы су пайдалану ережелерін бұзу) 7 адам және 440-бабы (алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде жүру) бойынша 11 адам жауапқа тартылды, дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Биыл облыста суға түсуге тыйым салынған 111 учаске бар. Ол жерлерге 167 тыйым салу белгісі орнатылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив