KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 6 м/с, ОШ
504.49 587.73 6.57

Газ баллон жабдығы бар көліктер туралы жадынама таратылды — ШҚО

Фото: gov.kz

26.08.2023, 11:36 492

ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының мамандары автокөлік иелеріне арналған жадынама әзірледі.
Мамандар азаматтарға жер деңгейінен төмен орналасқан жабық автотұрақтар мен паркингтерде газ баллон жабдығы бар көлікті қоюға жол бермеу туралы түсіндірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жадынамада өрт қауіпсіздігі ережелерін орындау бойынша ұсыныс пен өзге мақсатпен салынған және оларға жапсарлас салынған ғимараттарда, жер деңгейінен төмен орналасқан жабық автотұрақтар мен паркингтерде газ баллон жабдығы бар автомобильдерді қоюға жол бермеу туралы ақпарат жазылған.

ШҚО ТЖД мәліметіне сәйкес, облыста жыл басынан бері 60-тан астам көлік өртенген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу