Еріктілер Ертіс өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты - Өскемен
Фото: gov.kz
Демалыс күні облыс орталығындағы Ертіс өзенінің жағалауында «Kieli tabigat» экологиялық акциясы аясында тазалау жұмыстары жүргізілді.
Акцияға 250- ге жуық ерікті, эко волонтерлар, қоғамдық пікір көшбасшылары мен студенттер белсенді қатысқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Өскемен қаласы үшін маңызды, сакралды аймақтың бірі Ертіс өзенінің жағалауында оғамға пайдалы іс шара өтті. Экологиялық акцияның басты мақсаты - сакралды аймақтарды тазалау, қалпына келтіру, сақтау және ең маңыздысы, экологиялық мәдениетті арттыру болып табылады! – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.
Акция нәтижесінде 300 ге жуық қоқыс мөшектері жиналған.
Оқи отырыңыз