KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Семейдегі Бейбітшілік аралын қоқыстан тазартты

26.09.2020, 13:46 263

Семейдегі Бейбітшілік аралында өткен экологиялық акцияның бастамашылары орталық аудандық пробация қызметі мен қаланың еріктілері болды. Қазіргі уақытта қоршаған ортаны ластанудан сақтау мәселесі әр қалада ең өзекті мәселе.

Экосенбілік қатысушылары Бейбітшілік аралын, сондай-ақ Ертіс өзенінің жағалауын қоқыстан тазалау туралы шешім қабылдады, себебі бұл аумақтар қаланың маңызды табиғи объектілері. Өзінің географиялық және экономикалық қолжетімділігінің арқасында Бейбітшілік аралы көптеген келушілерді өзіне тартады. Көбінесе қала тұрғындары мен туристтер қоқыс пен тамақ қалдықтарын қалдыратыны өкінішті. Экологиялық акцияға қатысушылар екі топқа бөлініп, қолғап киіп, қолдарына қап алып барлық қоқыстарды жинап, Ертіс өзенінің жақын аумағын тазалап шықты.

Айта кетерлігі, экосенбілік кезінде қоқыстар жай ғана тазаланып қоймай, қайта өңдеуге жіберу үшін пластик, қағаз және шыны ыдыстар бөлек қаптарға жиналды. Акция барысында қатысушылар ондаған қап қоқыс жинап, ірі көлемді қоқысты қайта кәдеге жарату үшін арнайы машиналар тиеп, алып кетті.

– Бұл экосенбілік #Birge#TazaQazaqstan акциясын қолдау мақсатында өтуде, оның негізгі мақсаты – шағын өзендер мен су қоймаларының жағалауларын, су қорғау аймақтары мен көпшілік демалатын орындарды тазалау, ағаштар отырғызу, сондай–ақ қала тұрғындарының экологиялық мәдениетінің деңгейін арттыру, – дейді Семей қаласының еріктілері.

– Бейбітшілік аралында ұйымдастырылған кезекті экологиялық сенбілік болашақта табиғаттың ластану проблемасын шешуде және балалар, жастар мен қаламыздың тұрғындары арасында қоршаған ортаны қорғауды насихаттауда маңызды рөл атқарады. Кез-келген адам тұрақты өткізілетін табиғатты ерікті түрде тазартуға қатыса алады. Бүгінгі шараға көптеген қала тұрғындары да өз үлестерін қосып, қоршаған әлемді таза ұстағысы келеді деп үміттенеміз, – деді облыс бойынша ҚАЖД Семей қаласы Орталық ауданының қызмет инспекторы, әділет капитаны Гүлжан Байдақпаева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу