KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Өскеменде жылу қашан қосылады?

Фото: 7-su.kz

26.09.2023, 09:41 441 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында температура бағаны төмендеп, жауын-шашын болғанына бірнеше күн өтті. Қала тұрғындары күн райымен қоса, пәтерлерінің де салқындап кеткенін айтып шағымдануда.

Сондай-ақ олар қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында пәтерлерге жылу беру туралы өтінішін жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Әзірге жылыту маусымының басталатыны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Дегенмен, әлеуметтік мекемелерде балабақшалар мен ауруханалар жылу беріле бастады.

ШҚО құрылыс, энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының айтуынша, әзірлік құжаттарын алған 2 мыңнан астам үйге де жылу бірте-бірте беріледі.

- Өткен жылы өңірде жылыту маусымы 28 қыркүйекте басталды, биыл да шамамен сол уақытқа жоспарлап отырмыз. Ауа райына байланысты болады, - деген еді Дидар Кеңесбаев.

Ал, синоптиктердің айтуынша, облыс орталығында осы апта жаңбырлы және салқын болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив