KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 3 м/с, СБ
511.22 540.05 4.73

Зиянды заттар межеден асып кетті - Өскемен

Шартты сурет: mk.ru

28.11.2023, 23:00 215 Ынтымақ Толқын

Өскеменде зиянды заттар шекті рұқсат етілген концентрациядан асып кеткен.

 

Қазгидрометтің мәліметінше, мұндай жоғары деңгей 28 қараша күні сағат 00:00-ден 15:00-ге дейін тіркелген, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Бүгін қалада түтінге ұқсас тұман байқалып, көлік жүргізушілеріне қиындық туғызды.

 

"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша, 28 қараша күні ауадағы зиянды заттардың жоғары бір жолғы концентрациясынан асып кету тіркелген аудандар:

 

№ 2 ПМЗ бекетінде (Лев Толстой көшесі, 18) — көміртегі оксиді бойынша;

№ 4 ПМЗ бекетінде (Широкая көшесі, 44) - өлшенген заттар (PM-2.5, PM-10), күкірт диоксиді бойынша;

№ 7 ПМЗ бекетінде (М. Тынышпаев көшесі, 126) — өлшенген заттар (PM-2.5), көміртегі оксиді бойынша;

№ 8 ПМЗ бекетінде (Егоров көшесі, 6) - өлшенген заттар бойынша (PM-2.5).

ПМЗ - бұл ауа сапасын бақылаудың стационарлық пункттері.

 

Айта кетелік, 26 қарашадан бастап қалада екінші дәрежелі НМУ тіркелген болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу