Өскеменде күкірт диоксиді шекті деңгейден 6,7 есе асып кеткен
Өскеменде күкірт сутегісі тағы да шекті нормадан асып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Қазгидромет» жергілікті филиалының ақпараты бойынша, қазан айының 8-14 аралығында көміртегі оксиді 1,7 есеге, азот диоксиді — 1,3 есеге, күкіртті сутегі — 2 есеге және күкірт диоксиді — 6,7 есеге дейін шекті деңгейден асқаны байқалған.
Ал мамандар болса бұл көрсеткіштерден келетін ешқандай зиян жоқ, "шыбын шаққан құрлы болмайтындай әдеттегі дүние" дегенге келтіріп отыр.
Мамандардың айтуынша, ауа ластануының ең жоғары жоғары деңгейі Шәкәрім даңғылы, 79 мекенжайында байқалыпты.
Оқи отырыңыз