Өскеменде ауа ластануының жоғары деңгейі байқалды
Өскеменде сәуір айында ауа сапасы өте нашар болған. Әсіресе Шәкәрім даңғылында күкірт диоксидінің шектен тыс артқаны белгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Қазгидрометтің» жергілікті филиалы таратқан ақпаратқа сүйенсек, ауада мына заттар шекті шамадан тыс артып кеткен:
азот диоксиді -1,2 есе;
күкірт диоксиді - 5,8;
күкірт сутегі - 5,6 есе;
өзге де зиянды қалдықтар – 1,2 есе.
Оқи отырыңыз