KZ
Өскемен
-39°
туман жел 1 м/с, СШ
512.16 594.72 6.57

Биыл балабақшаларда мыңнан астам орын құрылады - Өскемен

Фото: lada.kz

21.01.2024, 12:08 310 Мадина Амангелдіқызы

Биыл Өскемен қаласындағы балабақшаларда мыңнан астам орын құрылады. Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Мың орынның ішінде 240 орын - Космическая көшесіндегі балабақша екен. Бұл ғимарат бастапқыда балабақша болған, бірақ 90-шы жылдары мемлекеттік мекемелердің қажеттіліктеріне бейімделген еді.

- Жақында біз ғимаратты балабақша ретінде пайдалану үшін қайтардық. Конкурстық рәсімдер арқылы кәсіпкер анықталып, балабақшаны 20 жылға пайдалануға алды. Қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, жазда аяқталуы керек, - дейді шаһар басшысы.

Сондай-ақ балабақшадағы 75 орын ерекше балаларға арналғанын айта кеткен жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу