Аблакетка ауданында 140 орындық балабақша ашылады - Өскемен
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Аблакетка ықшам ауданының тұрғындарымен кездесті
Шаһар басшысы мұндағы абаттандыру бойынша жоспарланған жұмыстардың барысын талқылады.
- Промбаза аялдамасынан Геологическая, 26 мекенжайындағы үйге дейінгі аралықта асфальт жөнделді, - деп мәлімдеді Жақсылық Омар. - Геологическая, 2 мекенжайындағы үйдің тіреулік қабырғасын қайта құру бойынша жоба әзірленді. Қазір жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде, ол осы айда аяқталады.
Жыл көлемінде бұл ауданда 9 учаскеде 329 жаңа жарық нүктесі орнатылып отыр. Тағы 2 учаскеде 28 жарық шамдарын орнату жоспарланған: Профсоюзная көшесінде және 1-ші Коммунальная көшесінің бойындағы спорт базасына апаратын жолда.
Сондай-ақ, 4 жаңа аялдама павильондары орнатылды: Шлюзная – 1, Гидросталь - 1, Храм – 2 павильон. Челюскина, 1 және Шлюзная, 1а мекенжайлары бойынша аулалар абаттандырылды.
- Челюскина 17/1 мекенжайындағы ғимаратты балабақша ретінде қайта жабдықтау жұмыстары басталды. Биыл инвестор-компания мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында мұнда 140 орындық балабақшаны іске қосады, - деді Жақсылық Омар.
Айта кеткен жөн, бұрынғы "Асқар Тау" мейрамханасы мәдени және ойын-сауық орталығына айналды.