Балабақша кезегі қысқарып келеді – Өскемен
Фото: Altaynews.kz
Облыс орталығында бүлдіршіндерді мектепке дейінгі мекемемен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Өткен жылы мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезекті азайту мақсатында жылы 770 орындық бес балабақша ашылған.
Ағымдағы жылы кезекті тағы 1180-ге төмендету жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Айта кету керек, соңғы жылдары қалада жаңа бөбекжайлар ел игілігіне беріліп, балабақша кезегі қысқарған. Мәселен, 2017 жылы 14 мың бала кезекте тұрса, өткен жылы бұл тізім үш мыңға дейін азайған.
Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған 105 орындық екі балабақша ашылады.