KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Өскеменде оқушы қыз Ертіс көпірінен секіріп кетті

Фото: 2gis.kz

15.02.2024, 23:36 215

Облыс орталығында жасөспірім қыз Ертіс өзеніндегі көпірден секіріп кетті. Куәгерлер дереу құтқарушыларға хабарлаған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Оқиға орнына қайықпен дереу ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Андрей Дубихин мен Медет Ахметов жетеді. Ал бұл кезде №5 құтқару бөлімшесінің басшысы Виталий Скляр жасөспірім қызды мұздай судан алып шығып, көмекке келген екі ер адаммен бірген зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетіп жатқан болатын. Осы сәтте өзге құтқарушылар Эльдар Зарыпханов, Қуаныш Мұратханов, Дияс Мұқаев, Нұржан Базарқұлов, Евгений Головченколар да келіп, жедел жәрдем қызметін күтпестен жасөспірім қызды ауруханаға шұғыл жеткізеді.

Сондай-ақ төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қызды судан алып шыққан Виталий Скляр мен екі тұрғынға да сол жерде тиісті көмек көрсетті.

Айта кетейік, ТЖД мамандары тұрғындпрға төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлауда ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу