KZ
Өскемен
-4°
снег жел 6 м/с, Ю
517.66 606.49 6.44

Өскеменде суретші Дәурен Тасболатовтың көрмесі өтеді

12.07.2024, 16:00 479 Ержан Әбіш

15-17 шілдеде Өскемендегі Неке сарайында «Art Gallery-2024» заманауи өнер көрмесі өтеді. Онда белгілі суретші Дәурен Тасболатовтың туындылары көпшілік назарына ұсынылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемендіктер мен қала қонақтары үш күн бойы кешкі сағат 19-00-ден бастап Неке сарайында (Сәтпаев даңғылы, 88/2) отандық суретші және халықаралық көрмелерге қатысушы Дәурен Тасболатовтың картиналарын тамашалай алады. Бұл іс-шара отандық бейнелеу өнеріне жұртшылық назар аудартуды көздейді.

Көрме қорытындысы бойынша жиналған қаражаттың бір бөлігі ерекше балалар аналарының «Mamampro_Oskemen» қоғамдық қорына қайырымдылық көмек ретінде берілмек.

Ұйымдастырушылар – Мақпал Түсіпова (87057959827) мен Дина Әшімжанова.

Көрме туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады: http://pokaz.kartin.oskemen.tilda.ws/page51265281.html 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу