KZ
Өскемен
+1°
туман жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Өскеменде жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі өтеді

Фото: syrboyi.kz

4.10.2023, 11:39 280 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері ұсынылған көрме өтеді.

Шараға шағын, орта және ірі бизнес өкілдері қатыса алады. Олар өз өнімін сатып қана қоймай, инвесторлар тартып, олармен тікелей жүздесуге мүмкіндік алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Көрме 11 қазан күні сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін Қ.Сәтпаев даңғылы, 88|2 мекенжайындағы «Неке сарайының» үлкен залында өтеді. Көрме екі кезеңнен тұрады. Алдымен, кәсіпкерлер өз өнімдерін ұсынған көрме ұйымдастырса, екінші кезеңде тауарларын саудалай алады, - дейді ұйымдастырушылар.

Көрме қала кәсіпкерлерін қолдау, өнімдерін таныстыру, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін насихаттап, жарнамалау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Іс-шараға қатысу үшін өтінімді pred-uk@mail.ru электрондық мекенжайына немесе 8(7232)262284, 87761415552 WhatsApp нөміріне жіберуге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив