Өскеменде жылу құбырлары ауыстырылып жатыр
Облыс орталығында қыс мезгіліне дайындық жұмыстары басталып кетті. Қала әкімдігі Шығысың қаһарлы қысында шаһар тұрғындарын әбігерге салмас үшін дайындықты ерте бастау керектігін айтады.
Қазір қаланың 29 учаскесінде жылу құбырлары ауыстырылып жатыр. Жоспар бойынша жұмыстар қыркүйек айының басында аяқталуы керек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мердігерлік ұйымдар да аталған жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Аталған жұмыстар қалада жылыту маусымы аяқталғаннан кейін, яғни сәуір айының соңында басталған.
Шаһар басшылығының сөзінше, қылышын сүйретіп қыс келгенде жергілікті халықты жылумен еш кедергісіз қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Қолға алынған жұмыстар табан асты болатын апаттың алдын үшін де жасалып жатыр.
Фото: Маргарита Малышева