Өскеменде қысқа дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
bryansktoday.ru
Биыл 29 учаскеде жалпы ұзындығы 13 шақырым жылу құбырлары ауыстырылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өткен жылы Өскемен жылу желілері кәсіпорны жалпы ұзындығы 6 километр желілерді ауыстырған. Биыл тағы 13 шақырымы жаңартылады.
Бұл жұмыстар «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа бағдарламасы аясында атқарылуда.
Осылайша тозған құбырлар жылдам ауыстырылып, жаңартылып отыратын болады.
– Қалада қысқы маусымға дайындық жұмыстары басталды. Биыл 29 учаскеде жалпы ұзындығы 13 километр жылу құбырлары ауыстырылады. Бұл құбырлардың әбден тозығы жеткен, 1985-86 жылдары салынған құбырлар. Қыста тұрғындарға жайлы жағдай жасау үшін жұмыстар графикке сәйкес тамыз айының аяғына дейін аяқталауы керек. Тиісті қадағалау жүргізіледі. Қалыпқа келтіру жұмыстарын да назарда ұстаймыз, – деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.
Оқи отырыңыз