KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1,5 м/с, ОШ
443.03 480.38 4.91

Қазақстанда мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салынды

Фото: Шартты сурет

10.04.2023, 17:03 175

Енді авиакеросин, дизель отыны және өзге де мұнайдың жекелеген өнімдерін экспорттауға тыйым салынады. 
Энергетика министрінің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге елден мұнайдың жекелеген түрлерін экспорттауға тыйым салу туралы бұйрығы күшіне енді, деп хабарлайды Altaynews сайты Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 
Өзгеріс Қазақстанның ішкі нарығындағы мұнай өнімдері тапшылығының алдын алу бағытында жасалып отыр. 

«Осы бұйрыққа жалғанған қосымшаға сәйкес мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге тыйым салу енгізілсін. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін», делінген бұйрықта. 

Қазақстаннан ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс жерлерге экспорттауға тыйым салынған мұнай өнімдерінің тізімі: жеңіл дистилляттар, авиакеросиндер, дизель отыны, газойлдар, толуол, ксилолдар, мұнай битумы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив