Әнші Айқын Элвиске еліктеп жүр ме?
![](/kz/uploads/posts/2023-04/image_l.webp)
Әнші Айқын болашақта өзінің өмірі жайлы кино түсірмек екен.
Жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали «Ұйқым келмейді» бағдарламасының қонағы болып, хит әндерінің шығу тарихы туралы айтып берді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Айқынның айтуынша, «Сенші маған, шын айтамын», «Сені сағындым» әндері Жұлдыз екеуі ренжісіп жүргенде шыққан.
– «Сенші маған, шын айтамын» әні Жұлдызға ақталып тұрып айтылған ән, небары 20 минутта шыққан. Минусовкасы бар еді. Кейін интернеттен Мағжан Жұмабаевтың өлеңін тауып алып, соған ұқсатып жаздым, – деп бөлісті әнші.
Сондай-ақ әншілер алдағы жоспарлары туралы да сөз қозғады.
– Киноға түсіп, Жұлдыздың карьерасын жасап алайық. Менің сахнада жүргеніме 20 жыл болды. Енді Жұлдыздың карьерасын ақырындап қолға аламыз, – деді Айқын.
Айқын болашақта өзінің өмірі жайлы «Элвис» сияқты толықметражды кино түсіргісі келетінін де айтты.
Оқи отырыңыз