KZ
Өскемен
небольшой снег Штиль
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да азық-түлік тауарларының бағалары өзгерді

23.10.2019, 06:38 241

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары өзгерді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ШҚО статистика департаментінің ақпаратына сүйенсек, ағымдағы жылдың қазан айында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы өскен. Қымбаттаған азық-түлік тауарларының ішінде бірінші сорттағы ұн мен ұннан жасалған нан өнімдері, оған қоса тауық еті, сары май және сүт өнімдері бар. Мәселен, бірінші сортты ұн +4,0%, қарақұмық жармасы +5,7%, тауық еті +3,0%, пастерленген сүт +2,1%, сары май +0,9, ірімшік +3,1%-ға қымбаттапты.

Айтпақшы, керісінше бағасы төмендеген азық-түлік өнімдері де бар. Сәбіз (-5,3%), пияз (-7,5%), қант (-1,0%).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу