KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Наурыз айында инфляция баяулады

Фото: Шартты сурет

18.04.2023, 19:18 267

Қазақстан Ұлттық банкі өңірлердегі инфляция жағдайы туралы дерек жариялады. Онда инфляция наурыз айында барлық өңірде баяулағаны көрсетілген. 
2023 жылдың наурыз айында елдегі жылдық инфляция 18,1%-ды құрады (ақпанда – 21,3%), деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 
Наурыз айында азық-түлік өнімдерінің бағасы ж/ж 20,5%-ға дейін баяулаған.
Маңғыстау облысы, Астана қаласы, СҚО-да жылдық инфляцияның ең жоғары көрсеткіші тіркелді. 
Сонымен қатар ақылы қызметтер бағасы ж/ж 14,4%-ға дейін баяулаған. Ал айлық инфляция 0,9%-ға артты. Ұлттық банк мәліметінше, бұл тарихи орташа мәннен (2017-2021 жылдары наурызда 0,6%) жоғары көрсеткіш.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу