ШҚО тұрғындары қаңтарда көп шығындалмады
Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары қаңтар айында көп шығындалған жоқ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
2020 жылдың бірінші айында азық-түлік тауарлары 0,9%, азық-түлік емес тауарлар 0,5%, ақылы қызметтер 0,5% қымбаттаған. Осылайша өткен айда инфляция 0,7%-ға тең болды.
Инфляцияның ең жоғары деңгейі Түркістан облысында тіркелген. Бір айда баға мен тарифтер 1,4%-ға өскен екен. Шымкентте бұл көрсеткіш 1%-ға, Ақтөбе облысында 0,9%-ға, Атырау мен Жамбылда 0,8%-ға ұлғайған.
Ал Ақмола, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары көп шығындалмады. Өйткені аталмыш өңірлерде қаңтар айындағы инфляция бар болғаны 0,4% болды.