KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
491.71 529.97 5.05

Ресей газды Қазақстанға Еуропадағыдан бірнеше есе арзанға бермек

Фото: Шартты сурет

19.04.2023, 17:19 358

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Ресей аумағынан газ құбырын тарту жобасы турасында айтты. 
Министрдің хабарлауынша, Ресей Қазақстанға газды еуропалық бағалардан бірнеше есе төмен тасымалдауды ұсынған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 
Осы уақытқа дейін екі тарап бірқатар кездесу ұйымдастырған көрінеді. 

–    «Газпром» басшылығы мен «Қазақгаз» компаниясының басшылығы бірқатар кездесу өткізді. Бізде Ресейден газ тасымалдайтын құбырдың алдын ала келісілген жаңа маршруты бар. Бұл жобалар үкіметтер деңгейінде мақұлданса, біздегі көздердің қосымша резерві болар еді. Сондай-ақ «Газпром» есебінен қосымша құбыр тарту арқылы резервтер қамтамасыз етіледі. Бірақ бұл келіссөз сатысында ғана. Дегенмен алдын ала тиімді маршрутты анықтадық деуге болады, – деп мәлімдеген энергетика министрі.

Деректер бойынша, бұл құбыр кейін Қытайға созылуы ықтимал.

–    Бірақ қазір Қазақстанның сұранысын жабу туралы ғана айтып отырмыз. Олар бізге газды Беларусьтағыдан әлдеқайда арзанға береді. Алдын ала келіссөз жүріп жатыр. Ресей тарабы да жұмыс екіжақты режимде жүргенде ғана тиімді болатынын түсініп отыр. Сондықтан еуропалық бағалардан бірнеше есе төмен және Ресей-Беларусь шекарасындағы бағадан әлдеқайда төмен ұсынып отыр, – деді Алмасадам Сәтқалиев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив