KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Өскеменге Ресейден газ тарту мәселесі қаралып жатыр

24.11.2020, 10:44 159

Шығыс Қазақстанға Ресейден газ тарту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Солтүстік өңірлерден басқа Қазақстанның шығыс бөлігі газдандырылмаған. Газдандырудың ықтимал нұсқасы «Барнаул – Рубцовск – Семей – Өскемен» бағыты бойынша Ресей Федерациясынан газ құбырын салу болып саналады. Бұл ретте Семей маңында Павлодар облысына қарай бұру болжанады», - деді министр.

 

Оның айтуынша, аталған бағыт бойынша газ құбырын салу осы өңірлердегі 2,1 млн адамға көгілдір отын жеткізуге мүмкіндік береді. Тұтыну көлемі жылына 2,3 млрд текше метр деңгейінде деп болжанған.

 

«Қазіргі таңда бұл жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін анықтау үшін «ҚазТрансГаз» АҚ мен «Газпром» арасында жұмыс тобы құрылып, бұл мәселе Ресей тарапымен пысықталуда», - деді Нұрлан Ноғаев

.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу