KZ
Өскемен
-7°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Энергетика министрі Шығыс өңірін газдандырудың екі нұсқасын атады

сурет ашық дереккөзден алынды

22.02.2023, 11:40 640 Оразай Жеңісұлы

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында шығыс өңірді газдандырудың 2 нұсқасын атады.

Өңір Ресейден құбыр тарту арқылы газдандырылуы мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Шығыс өңірлерді газдандыру үшін министрлік 2 нұсқаны қарастыруда. Бірінші нұсқа – «Қостанай-Астана-Павлодар-Семей-Өскемен» бағыты бойынша газ құбырын салу. Бұл қомақты қаражатты, салынған инвестициялардың өтемділігін қамтамасыз ету үшін тұтынушыларға газ тарифтерін ұлғайтуды, сондай-ақ газ кен орындарының жаңа ресурстарын игеруге тартуды талап етеді», - деді Болат Ақшолақов.

Ал екінші нұсқада Қазақстан мен Ресей арасындағы газ саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жол картасы аясында Ресей Федерациясынан газ импорттауды көзделген.

«Бүгінде Қазақгаз Газпроммен бірлесіп, «Ресей Федерациясы – Қазақстан Республикасы – Қытай Халық Республикасы» халықаралық газ құбырын салу мәселелерін зерделеу үшін алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу мәселесін пысықтап жатыр», - деді министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу