Қазақстан құрамасы семсерлесуден тарихи жеңіске жетті
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы ерлер арасындағы Әлем кубогында тарихи жеңіске жетті.
Қазақстандық спортшылар командалық жарыста топ жарып, алтын медаль алды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Түркияда өткен біріншілікте 45 елден келген 350 семсерлесуші жүлдеге таласты. Құрамында Руслан Курбанов, Эльмир Əлімжанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай өнер көрсеткен қазақстандық команда Әлем кубогын жеңіп алды.
Қазақстан құрамасы Колумбия құрамасын 45:41 есебімен, итальяндық спортшыларды 45:31 есебімен жеңіп, Аргентина құрамасына қарсы ширек финалда 45:44 есебімен, жартылай финалда испандықтарды 45:32 есебімен басымдықпен ұтты.
Финалдық жекпе-жекте Нидерланды құрамасының спортшыларымен семсерлесіп, 34:20 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жеңімпаздарды әлеуметтік желідегі парақшасында құттықтады.