Қазақстанда 200-ден астам жаңа мамандық пайда болады
Фото: do-centr.ru
Елімізде алдағы жылдары 200-ден астам жаңа мамандық пайда болады.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алдағы 3-5 жылда 200-ден астам жаңа мамандық пайда болатынын айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі министрліктің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
«Қазақстанда келесі 3-5 жылда 200-ден астам жаңа мамандық пайда болады. Оның 40-ы қазір 15 ЖОО, 40-тан астам колледжде сабақ беріледі. Төрт мыңнан астам студент жаңа мамандық бойынша дәріс алуда. Ал 95 мамандық өкінішке орай күрт өзгереді "Мамандықтар атласы" жобасында осы мамандықтарды қарап шықсаңыздар болады", - деді министр.
Сондай-ақ, оның айтуынша, 120-дан астам мамандық еңбек нарығынан кетеді.
«Мамандықтар атласы» жобасы жайлы https://enbek.kz/atlas/ сайтынан қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде толыққанды ақпарат ала аласыздар.