Доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді
Фото: egemen.kz
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,90 теңгеге төмендеп, 1 доллар 447,40 теңге болды, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ұлттық банктің 21 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 448,30 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 446 теңге, сатып алу – 449 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 445,5 теңгеден болса, сатып алу – 448,5.
Алматыда Ресей рублі 5,19 – 5,43 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,25-5,35 теңгеде сатылуда.