KZ
Өскемен
-13°
небольшая облачность жел 1,1 м/с, В
498.55 524.28 4.75

Қор нарығында доллар бағамы төмендеді

Фото: 7kun.kz

6.06.2023, 16:33 266 Оразай Жеңісұлы

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,89 теңгеге төмендеп, 1 доллар 447,71 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 6 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 448,71 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 446,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 450 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 445 теңгеден болса, сатып алу – 449 теңге. Алматыда Ресей рублі 5,37 – 5,61 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,45-5,55 теңгеден сатылуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу