KZ
Өскемен
-4°
небольшой снег жел 5 м/с, ОБ
517.66 606.49 6.44

Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді

Фото: egemen.kz

25.06.2023, 17:55 558

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісі 25 маусымда Алматы уақытымен сағат 2.51-де болған, деп хабарлайды AltaynewsҚазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Жерасты дүмпуінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 500 шақырым қашықтықта орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.7. MPV магнитудасы – 4,6. Эпиошақ координаттары – 47.05° с.е. 80.20° ш.б. Тереңдігі – 5 км. MSK-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы ақпарат жоқ", - делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу