Қажылыққа барам деп қамауға алынған қазақстандықтар босатылды
Фото: abai.kz
Жалған визамен қажылыққа барып, қамауға алынған 300-ден астам қазақстандық босатылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.
Сауд Арабиясына қажылыққа барған жүздеген қазақстандық қамауға алынған еді, оның себебі виза жарамсыз болған, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Қазір олар түгел қамаудан босатылыпты.
– Сыртқы істер министрлігінің Джидда қаласындағы бас консул атына біздің азаматтарымыздан Сауд Арабиясындағы полиция бөлімінде қамауда екендігі туралы хабар түсті. Ол бойынша көмек көрсетілді. Ұсталған қажылардың барлығында қажылыққа жарамайтын туристік виза болған. Бас консул өз қызметкерлерімен бірге дереу полиция бөліміне барып, оларды босатып, қонақ үйге орналастыруға көмектесті. Кейбір мәліметтерге сәйкес, Сауд Арабиясының аумағына жалған визамен 300-ден астам азамат барған. Барлық қажылардың орналасқан жерін бақылау мүмкін емес, себебі қамаудан босатылғаннан кейін 100-ден астам қажы бірнеше автобуспен өз бетінше кетіп қалған, – деді Айбек Смадияров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Оқи отырыңыз