KZ
Өскемен
+3°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

Семейде жарылғыш зат туралы төрт рет жалған қоңырау шалынған

21.09.2019, 07:31 254

Кеше Семей қаласының полиция бөліміне қаланың бірнеше жерінде қойылған жарылғыш зат туралы төрт анонимдік қоңырау шалынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл хабарламадан кейін ішкі істер органдарының барлық күштері жұмылдырылып, сәйкес амалдар жүзеге асырылған. Қажетті арнайы және жедел қызметтерге хабар таратылады. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріледі. Хабарламада көрсетілген нысандарды саперлар тексеріп шығыпты.

Тексеру барысында жарылғыш зат туралы ақпарат жалған екені анықталып отыр. Адамдардың өміріне қауіпті заттар табылмаған.

Бұл кезде жалған ақпарат берген адамды іздеу жұмыстары қатар жүргізіліпті.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта күдікті адам анықталып, қамауға алынған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив