KZ
Өскемен
-11°
туман Штиль
525.11 546.74 4.88

Ит-мысықты чиптеп, есепке қою міндеттеледі

Фото: egemen.kz

5.07.2023, 15:16 454

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңына сәйкес, биылғы 1 қыркүйектен бастап мысықтар мен иттерге чип тағу және оларды арнайы есепке қою міндетті болады.

Ал үй жануарларының басқа түрлерін есепке алу ерікті түрде жүргізілетін көрінеді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Үй жануарларының басқа түрлерін, яғни егеуқұйрық, хомяк немесе мини-пигтерді есепке алу ерікті негізде жүргізіледі.

Қазақстандықтар үшін электронды жүйеге жануарлары туралы ақпаратты енгізу тегін. Дегенмен чип тағу үшін мысық пен ит иелері өз қалтасынан ақша төлеуі тиіс. Оны өтеуге мүмкіндігі жоқ әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қызмет түрі тегін болмақ.

Еnergyprom.kz порталының ақпаратына сай, еліміздің ірі қалаларында мысықтар мен иттерге чип тағу қызметінің бағасы – 3,5-8 мың теңге аралығында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу